28 шілде күні Сорбұлақ су қоймасы аумағында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде жоғалған әскери тікұшақтың бөлшектері табылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, 25 шілде Отар ауылының тұсында ЕС-145 тікұшағы жоғалып кетті. Бортта үш адам болған.
Сағат 04:30-дан бастап іздестірушілер су беті мен жағалауда визуалды тексеру жүргізіп, дрондар арқылы әуеден бақылау ұйымдастырды. Сорбұлақ жағалауының оңтүстік бөлігі қосымша жерүсті және судағы топтармен тексерілді. Мамандар су қоймасын бірнеше секторға бөліп, 13 жүзу құралы мен көлдің түбін шолуға арналған арнайы техниканы іске қосылды.
Оқиға орнына Қонаев пен Ақтаудан қосымша күштер мен құралдар жөнелтілді. Атап айтқанда, А-400 әскери ұшағымен келген жеке құрам, сүңгуір жабдықтары, эхолоттар, катер мен қайық іздеуге жұмылдырылған.
Тікұшақтың радардан жоғалу себебі белгісіз. Ұшқыштардың сүйегі табылмады.
Операция бес әскери бөлімнің қатысуымен, күрделі гидрографиялық жағдайда тәулік бойы жүріп жатыр. Іздеу барысында тікұшақтың қалдықтары табылды.
Тікұшақ бортында болған үш адамның жақындарына психологиялық көмек көрсетілді.
фото: Қорғаныс министрлігі

