Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Алаяқтар қазақстандықтарды жаңа тәсілмен алдауға көшті»: Ұлттық банк сақ болуға шақырды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 19/09/2024

«Алаяқтар қазақстандықтарды жаңа тәсілмен алдауға көшті»: Ұлттық банк сақ болуға шақырды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ұлттық банктің хабарлауынша, алаяқтар халықтың қалтасын қағудың жаңа тәсіліне көшкен. Олар өздерін коммуналдық қызметтің немесе ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырады. Азаматтарға қоңырау шалып, мобильді телефондағы SIM-картаның қолдану мерзімі немесе коммуналдық есептеуіш құралдың пайдалану мерзімі аяқталғанын айтады.

Телефонмен әңгіме кезінде азаматтарға олардың қызметін ұзартуға не электрондық кезекке тұруға болатынын ұсынады.

Әрі қарай алаяқтар ұялы телефонға келген хабарламаны өзіне жіберуді, қауіпті сілтемеге өтіп қосымшаны жүктеуді немесе мессенджердегі жаңа функцияларды іске қосуды, я болмаса дербес деректерін хабарлауды сұрайды. Кейін телефонға қосылып алған соң, азаматтың қаражатын ұрлап, SIM-картаның виртуалды көшірмесін қосып алады.

Шоттағы қаржыны қолды қылғаннан кейін алаяқтар алданған азаматтармен қайта байланысып, өздерін Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырады. Сөйтіп екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын орнатып, ақшалай немесе тауарлай кредит ресімдейді. Алаяқтар өз ісінің заңдылығын растау үшін Ұлттық банк қызметкерінің қолдан жасалған қызметтік куәлігін, банктің жалған құжаттарын, ақша құралдарын сақтандыру немесе банктік аударымдар жасау үшін хаттар мен реквизиттер ұсынады.

«Қазақстан Ұлттық банкі азаматтарды қырағы болуға және күдік туғызған қоңырауларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ бейтаныс адамдардың нұсқауымен HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer сияқты қашықтан басқаратын басқа да қосымшаларды орнатпауға шақырады. Үшінші тұлғалар тарапынан орындалатын алаяқтық әрекеттерге ұрынып қалмас үшін Ұлттық банк мемлекеттік органдар мен Ұлттық банктің қызметкері болып қоңырау шалған адамдармен арадағы байланысты үзуге кеңес береді. Ұлттық банктің қызметкерлері аудио және бейнеқоңырау жасамайтынын, жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, ақшаны сақтандырумен айналыспайтынын, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырыспайтынын ескертеміз», — деп хабарлады банктен.

Интернет-алаяқтар соңғы жеті айда 7 млрд теңге жымқырған

Қазақстанда интернет алаяқтардың арбауына түскендер көбейді. Жасанды интеллекттің мүмкіндігі артқан сайын қылмыскерлердің тәсілдері де түрленіп барады.

Биыл жеті айдың ішінде олар қазақстандықтардың 7 млрд 100 млн теңгесін жымқырған. Бұл өткен жылды тұтас алғандағы көрсеткіштен 1,5 есе көп. Ал ұрланған ақшаның тек 11 пайызын ғана қайтару мүмкін болған.

Көбіне алаяқтар онлайн сауда кезінде алдап кетеді. Ақшасын төлеп, тауарын алмаған 3 300-ге жуық адам полицияға арыз жазған. Жалған сайт, қосымшалар арқылы дербес деректерді ұрлаған 3 200-ден астам жағдай ресми тіркелген. Айта өту керек, ғаламтор желісінде түрлі қызмет көрсетем, онлайн несие берем деп жарнама орнатқандар да жетерлік.

Сонымен қатар 1 700-ден астам адамды банк қызметкеріміз деп хабарласқан алаяқтар алдаған.

  • 2024 жыл | 7 ай – 7,1 млрд теңге
  • 2023 жыл | 4,1 млрд теңге
  • Қайтарылған қаржы – 11%
  • Онлайн сауда – 3 258
  • Жеке деректерді ұрлау – 3 218
  • Қызмет көрсету – 2 917
  • Онлайн несие – 1 992
  • Банк атынан хабарласу – 1 727

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Интернет-алаяқтар Қазақстан Ұлттық Банк
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.