Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қайтарылған активтер «Бәйтерек» холдингін капитализациялауға жұмсалады
Дария Ғұмар жаңалық 20/11/2025

Қайтарылған активтер «Бәйтерек» холдингін капитализациялауға жұмсалады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Олигархтардан мемлекет меншігіне қайтарылған 1 трлн теңгеге жуық қаражат «Бәйтерек» Ұлттық холдингін капитализациялауға бағытталады. Бұл туралы вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сенат отырысында мәлімдеді.

Жұманғарин қазір қосымша мемлекеттік кепілдіктер көлемін арттыру көзделгенін атап өтті. Бұл ең алдымен автомобиль және теміржолдарды салу мен реконструкциялау сияқты инфрақұрылымдық жобаларды қамтиды.

«Аталған тетіктер арқылы жүзеге асатын жобалар өңірлерде орындалып, елдің жиынтық даму бюджетінің өсуіне ықпал етеді», — деді ол.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында негізгі капиталға салынған әрбір бесінші инвестиция мемлекеттік бюджеттен бөлінген. Экономист Нұрсұлтан Ерболатұлы бұл туралы пікір білдірді.

«Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «Бәйтерек» холдингі арқылы экономиканы 8 трлн теңгеге кредиттейміз деді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.

Елімізде банк секторының инвестициялауға құйған үлесі аз. Банктерге экономиканы кредиттеуге қарағанда халыққа несие берген тиімді болып кетті. Себебі бұл саланың тәуекелі төмен, ал табысы жоғары. Жаңа салықтық өзгертулерде жеке тұлғаларды несиелеуден түскен табысқа 25% салық салатын болса, кәсіпкерлерге берілген несиеден 20% салық ұстанатын болды. Үкімет осылайша банк секторын экономиканы кредиттеуге ынталандырып отыр», — деді сарапшы.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
«Бәйтерек» холдингі 2025 Инвестициялар Серік Жұманғарин
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.