Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Ақтөбеде спорт мектептерінің басшылары бюджет қаражатына бәс тіккен
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 11/10/2024

Ақтөбеде спорт мектептерінің басшылары бюджет қаражатына бәс тіккен

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ақтөбе облысында балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары бюджет қаржысын жымқырған.

«Соңғы үш жылда Ақтөбеде кәсіби клубтарды дамытуға арналған қаржы екі есеге көбейді. Спортшылар үшін республикалық, халықаралық жарыстарға дайындалуға және қатысуға бюджеттен 13 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Тексеріс барысында спорт мектептерінің басшыларының алты миллион теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз жұмсағаны белгілі болды», — деп хабарлады Прокуратура.

Жоғалған қаржы мектеп басшыларының жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселерде бәс үшін жұмсалған.

Сонымен қатар «Ақтөбе» футбол клубы командасын ұшақпен тасымалдауға есепсіз қаржы жұмсалып, әуе билеттерін бірнеше делдал арқылы сатып алу фактілері анықталды. Ол үшін 165 млн теңгеден астам қаржы төлем жасалған.

Аталған барлық фактілер бойынша прокуратура ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) үш іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Соңғы алты жылда спорт саласын қаржыландыруға бюджеттен 1,4 триллион бөлінді

Жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Туризм және спорт министрлігі бірлесіп спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық әркеттеріне сыртқы талдау жүргізді.

Антикордың ресми мәліметінше, соңғы алты жылда спорт саласын қаржыландыру шамамен 1,4 триллион теңгені құрады.

  • 2018 жылы – 165 млрд теңге
  • 2019 жылы – 204 млрд теңге
  • 2020 жылы – 177 млрд теңге
  • 2021 жылы – 223 млрд теңге
  • 2022 жылы – 296 млрд теңге
  • 2023 жылы – 340 млрд теңге

Бюджеттен осы және алдағы екі жылға тағы 1,3 триллион теңге бөлу жоспарланған.

Отандық спортқа бөлінетін қаржы Орталық Азия және алыс шет елдердің (Канада, Норвегия, Нидерланды) бюджеттерінен бірнеше есе артық.

Сонымен қатар Қазақстан Олимпиада ойындары бойынша медальдық есепте (2020 жылы – 83 орын (8 қола), 2022 жылы – 0 медаль, 2024 жылы – 43 орын (1 алтын, 3 күміс, 3 қола)) және Дүниежүзілік спорт рейтингінде (2014 жылы – 25 орын, 2018 жылы – 47 орын, 2023 жылы – 42 орын) төменгі орындарда көрінген. Бұның себептерінің бірі ретінде мемлекеттік қаржыны ұтымсыз жұмсауға және жымқыруға ықпал ететін жүйелі жемқорлық тәуекелдері негіз болып отыр.

«Отандық спортты дамытудың қолданыстағы саясаты отандық спортшыларды тиімді даярлауға бағытталмаған. Шетелдік ойыншыларды натурализациялау арқылы қол жеткізілген қысқа мерзімді жетістіктерге назар аударылады, ал жеке спорттық кадрларды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жеткіліксіз болып отыр», — делінген еді ресми ақпаратта.

Сонымен қатар тәуелсіздік жылдары Қазақстан олимпиадалық спорт түрлеріне 126 шетелдік спортшыны сатып алғаны белгілі болды. Олар кейін өз еліне оралған.

Сурет: Ұлттық банк

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Ақтөбе облысы Бюджет қаражаты ҚР Спорт мектептерінің басшылары Спорт саласы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.