Алматыда ұлттық қауіпсіздік органдары мен қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлерінің қатысқан есірткі контрабандасы фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады.
Жедел іс-шара кезінде «Жетісу» кеден бекетінде салмағы 43 килограмм болатын марихуана мен каннабис сығындысы салынған 25 сәлемдеме тәркіленді.
Тергеу барысында АҚШ-тан Алматыға марихуана мен каннабис сығындысы салынған сәлемдемелерді жеткізу арнасын ұйымдастырған қылмыскер ұсталды. Ол кураторлар, дропперлер және өлшеп ораушылармен тығыз байланыс орнатқан.
Іске қатысы бар 20 күдікті ұсталды, олардың арасында ұлттық қауіпсіздік органдарының 2 қызметкері және ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 3 қызметкері бар.
Заңсыз жолмен табылған қаржыға күдіктілер жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және көлік құралдарын сатып алған.
фото: freepik.com

