Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Четверг, 4 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Ақмола облысында су тасқынын бөгеуге бөлінген қаражатты жымқырғандардың ісі әшкереленді
Наргиза Ерес sarapshy.info 27/11/2024

Ақмола облысында су тасқынын бөгеуге бөлінген қаражатты жымқырғандардың ісі әшкереленді

Aerial view of a flooding and natural devastation
Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ақмола облысы прокурорлары су тасқынына қарсы шараларға бөлінген 300 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған күдіктілерге қатысты тергеуді аяқтады. Бұл қаражат 2021 жылы Атбасар ауданында су тасқыны аймағындағы 200 жанұяны көшіру мақсатында 100 екі пәтерлі тұрғын үй салуға бөлінген.

Тергеу барысында Атбасар ауданы әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімінің, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС басшыларының аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырғаны анықталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігіне (аса ірі көлемде талан-таражға салу) сай күдіктілердің мүлкін тәркілеумен қатар оларға 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды.

Сот санкциясымен екі күдікті қамауға, үшінші күдікті үйқамаққа алынды.

Тергеу нәтижелері

Тергеу барысында ұсталғандардың Алматы және Астана қалаларында коммерциялық жылжымайтын мүліктері, арнайы техника, құрылыс заттары бар екені анықталды. Банк шоттарынан 50 миллион теңгеден астам ақша табылды.  Қылмыстық жолмен алынған мүліктің жалпы құны 335 миллион теңгеден асты.

Күдіктінің бірі заңсыз алынған қаражат пен мүлікті заңдастырғаны анықталды. Бұл әрекеті үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабының 3-бөлігі (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті жылыстату) бойынша мүлкін тәркілеумен қатар 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазір қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. Соңғы шешімді сот шығарады.

Сурет: Freepik

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
ақша жымқырды Атбасар ауданы жылжымайтын мүлік су тасқыны Үйқамаққа алынды
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.