Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 7 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда әрбір үшінші тұрғын Ресейдің Украинаға соғыс бастағанын ақтайды — Demoscope
Наргиза Ерес sarapshy.info 21/02/2025

Қазақстанда әрбір үшінші тұрғын Ресейдің Украинаға соғыс бастағанын ақтайды — Demoscope

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ресейдің үгіт-насихаты Қазақстан азаматтарының қоғамдық пікіріне әлі де әсер етеді. Demoscope қоғамдық пікірді зерттеу бюросы «Қазақстандықтардың Украинадағы соғысқа көзқарасы» тақырыбында жүргізген зерттеуі осыны растайды.

Сауалнамаға қатысқандардың 27,8%-ы Украинадағы соғысты Ресей пропагандасының негізгі тезистері арқылы қабылдайды. Мысалы, респонденттердің 10,7%-ы Ресей Украинадағы нацистерге қарсы «арнайы әскери операция» жүргізіп жатыр деп есептесе, ал 17,1%-ы бұл соғысты Ресейдің Батыс елдері мен НАТО-ға қарсы күресі деп қабылдайды.

Қазақстан азаматтарының соғысқа деген көзқарасы үш жыл ішінде өзгермеген.

«2022 жылы Кремльдің ұстанымын 33,2%-ы, ал 2023 жылы 31,8%-ы қолдаған. Бұл көрсеткіштің тұрақтылығы Қазақстанның ақпараттық кеңістігінің осал екенін көрсетеді. Қазақстанда ресейлік, соның ішінде пропагандалық контент үздіксіз таралып, белгілі бір аудиторияға тұрақты түрде ықпал етіп отыр», — делінген хабарламада.

Сауалнамаға қатысушылардың 24%-ы Ресейдің мақсаты – Украинаны басып алып, федерация құрамына қосу екенін айтқан. Алайда респонденттердің жартысына жуығы (48,2%) нақты жауап беруге қиналған.

Соғыстың басталуына қатысты көзқарастың айырмашылығы азаматтардың жас ерекшелігіне байланысты әртүрлі болып отыр. Ресейді 60 жастан асқан (37,7%) азаматтар қолдаса, 50-59 жас аралығындағы респонденттер 17,3%, ал 30-39 жастағыларға 7,1% қолдаған.

Екі тарапты қолдау деңгейіне келсек, Қазақстан азаматтарының соғысқа қатысты бейтарап ұстанымы тұрақты сақталып отыр. 2025 жылы бейтарап пікір білдіргендердің үлесі 55,5%, ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 59,1%, 2023 жылы 59,8% болған.

Зерттеу нәтижесі соғыс туралы негізгі ақпарат көзі – әлеуметтік желілер (55,8%) екенін көрсеткен. Сондай-ақ респонденттер Қазақстан (19,9%) мен Ресейдің БАҚ-тарынан (9,3%), таныстары мен туыстарынан (13,6%) мәлімет алатынын айтқан. Украина (2,9%) мен басқа елдердің (2,4%) ақпарат құралдары аса  танымал емес.

Сауалнама барысында Қазақстан азаматтарының 25,8%-ы Ресейдің Қазақстанға шабуыл жасауы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Олардың 8,8%-ы мұндай сценарий міндетті түрде болады деп санаса, 17%-ы әскери агрессия белгілі бір жағдайда ғана болуы мүмкін дейді.

Соғыстың Қазақстан экономикасына әсеріне қатысты пікірлер де екіге бөлінді. Сауалнамаға қатысқандардың 35,1%-ы соғыстың экономикаға теріс әсер еткенін айтты. Тек 5%-ы оң өзгерістерді байқаған, ал 41,3%-ы соғыс пен экономикалық жағдайдың нашарлауы арасында байланыс көрмейтінін жеткізді.

DEMOSCOPE зерттеуінің нәтижесі қоғамның Ресейден үрейленетінін, сонымен қатар соғыс тақырыбына қызығушылықтың азайғанын көрсетті. Алайда бұл тақырып әлі де өзекті, себебі қазақстандықтардың 42%-ы майдандағы жағдайды бақылауды жалғастырып отыр. Олардың 11,8%-ы күн сайын жаңалықтарды қадағаласа, 30,2%-ы ара-тұра қарап отырады. Бұл көрсеткіштер қоғамның соғыс тақырыбынан жалығып, елдегі экономикалық және саяси мәселелерге назар аудара бастағанын көрсетеді.

Сауалнама 2025 жылдың 27 қаңтары мен 5 ақпан аралығында жүргізілді.  Бұл зерттеу MediaNet Халықаралық журналистика орталығы, Конрад Аденауэр атындағы қор және PAPERLAB зерттеу орталығының қолдауымен жүзеге асты.

 

Сурет: Ulysmedia.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«арнайы әскери операция» DEMOSCOPE зерттеуі Қоғамдық пікір нацистер Пропаганда Ресей Ресей пропагандасы Украинадағы соғыс
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Алматыда кеден бекетінен заңсыз тауарларды өткізген топ сотталды

04/07/2025
sarapshy.info

Парамен ұсталған екі вице-министр сот санкциясымен қамауға алынды

03/07/2025
sarapshy.info

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі уақытша жұмысын жалғастырады

02/07/2025

Жаңа мақалалар

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

Экономика 04/07/2025

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

Экология 04/07/2025

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

Шолу 04/07/2025

Алматыда кеден бекетінен заңсыз тауарларды өткізген топ сотталды

sarapshy.info 04/07/2025

Парамен ұсталған екі вице-министр сот санкциясымен қамауға алынды

sarapshy.info 03/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

04/07/2025

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

04/07/2025

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

04/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.