Бүгін, 1 ақпанда ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің бұйрығымен сұйытылған мұнай газының бағасы қымбаттады.
Сұйытылған газ бағасы әр өңірде түрлі бағада бекітілген. Қазақпарат мәліметінше, аймақтарға байланысты сұйытылған газдың бөлшек саудадағы шекті бағасы 6-дан 21 теңгеге дейін өскен.
- Астана – 102 теңге/литр (бұрын 82 теңге);
- Алматы – 102 теңге (бұрын 89 теңге);
- Шымкент – 90 теңге (бұрын 70 теңге);
- Ақтөбе, Атырау облыстары – 77 теңге (бұрын 59 теңге), шалғай аудандарда – 82 теңге;
- Ақмола облысы – 102 теңге (бұрын 84 теңге), шалғай аудандарда – 107 теңге;
- Алматы облысы – 102 теңге (бұрын 89 теңге), шалғай аудандарда – 107 теңге;
- Жамбыл облысы – 90 теңге (бұрын 78 теңге), шалғай аудандарда – 95 теңге;
- Батыс Қазақстан облысы – 77 теңге (бұрын 70 теңге), шалғай аудандарда – 82 теңге;
- Қызылорда облысы – 90 теңге (бұрын 70 теңге), шалғай аудандарда – 95 теңге;
- Маңғыстау облысы – 65 теңге (бұрын 59 теңге), шалғай аудандарда – 70 теңге;
- Павлодар облысы – 102 теңге (бұрын 81 теңге), шалғай аудандарда – 107 теңге;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 102 теңге (бұрын 89 теңге), шалғай аудандарда – 107 теңге;
- Түркістан облысы – 90 теңге (бұрын 70 теңге), шалғай аудандарда – 95 теңге;
- Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау және Абай облыстары – 102 теңге (бұрын 84 теңге), шалғай аудандарда – 107 теңге.
Газдың ең жоғарғы құны шалғай аудандар үшін 107 теңге, Алматы мен Астана қаласы және бірнеше облыста 102 теңгеге дейін жеткен. Маңғыстау облысында Қазақстан бойынша ең төменгі баға 65 теңге бекітілген.
Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының (СМГ) бағасын көтеруге себеп оның өндіріс шығындарымен сәйкестендіру қажет дейді. Министрліктің мәліметінше, СМГ-ның өзіндік құны тоннасына 65–75 мың теңге аралығында, ал бұрынғы шекті көтерме баға 45 158 теңге болған. Бұл өндіруші кәсіпорындардың шығынға ұшырауына және жаңғырту мен жоспарлы жөндеу жұмыстарына қаражаттың жетіспеуіне әсер ететінін алға тартады.
Еске сала кетейік, былтыр еліміздің бірнеше өңірінде газ тапшылығы байқалған еді. Атап айтқанда, Шымкент қаласы мен Түркістан облысында автогаз тапшылығы бірнеше рет тіркелді.
Одан бөлек, Ақтөбе облысында автогаз тапшылығы байқалып, кейбір бекеттерде газ болмады. Энергетика министрлігі бұл жағдайды өндіруші зауыттардың жоспарлы жөндеу жұмыстарына және тасымалдау мәселелеріне байланысты деп түсіндірді.
Орал қаласында автогаз құю стансаларында да осы мәселе қайталанады. Газ бар бекеттердің өзінде кезек өте үлкен болды.
Сондай-ақ бұған дейін ҚР Энергетика министрлігі жанар-жағармай (ЖЖМ) бағасының алғашқы көтерілуі шамамен 5 теңге болатынын айтқан еді. Алдағы уақытта бағаның өзгеруі нарықтық жағдайларға байланысты болады.
бастапқыда 5 теңгеге көтерілуін болжаған. Бұл туралы ведомство басшысы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстандағы бензин бағасы басқа көршілес елдерге қарағанда әлдеқайда төмен.
Cурет: Pexels.com