Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қарағанды облысында қант диабетіне шалдыққандар саны 19%-ға артты
Арайлым Еркебаева sarapshy.info 17/01/2025

Қарағанды облысында қант диабетіне шалдыққандар саны 19%-ға артты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Өңірде кейінгі екі жылда қант диабеті сырқатына шалдыққан науқастар саны 19%-ға өскен.

Жыл сайын Қарағанды облысында қант диабетімен ауыратын 3 мың адам тіркеледі. Аталмыш сырқаттың белең алуына қатысты дәрігерлер дабыл қағып отыр. Денсаулық сақтау басқармасының келтірген мәліметіне сүйенсек, Қарағанды облысында 40 мың тұрғын осы дертке шалдыққан. Науқастардың ішінде 1800 адам инсулинге тәуелді, өйткені олардың ағзасына дерт ауыр зардабын тигізуде. Ең өкініштісі, адам ағзасында зат алмасу процессі бұзылғандықтан науқастың саусақтарын немесе аяғын кесіп тастауға тура келеді.

Былтыр өңірде 100 адамға осындай ота жасалған. Медицина саласының мамандары қант диабетінің алдын алу шараларын жүргізеді. Бұл мақсатта Қарағанды қаласында қант диабеті сырқатының алдын алуға бағытталған орталық ашылған. Бұл орталық облыстық клиникалық ауруханада орналасқан. Дәрігерлер салдары ауыр сырқатқа шалдыққан жандарға бірінші кезекте жақын-жуығы мейірім көрсетіп қолдау білдіруі қажет дейді. Өйткені кез келген сырқатпен күресу үшін адам психологиялық тұрғыда  мықты болуы керек.

«Мүгедек болып қалған мұндай науқастар үшін протез жасату және денсаулығын оңалту дегеніңіз – үлкен проблема. Тіршілік үшін күресу науқастың өзіне және тума-туыстарына байланысты. Өйткені науқас аяғынан айрылғаннан кейін бұл мәселемен бетпе-бет жалғыз қалып қойса, статистика мұндай жандардың бес жылдан артық өмір сүрмейтінін көрсетеді», — дейді Диабеттік табан орталығының директоры Евгений Морозов.

Орталықта хирург, невропатолог, подолог, эндокриндік жүйе дәрігері,көз дәрігері бар. Мұнда келген науқасқа мамандар кешенді түрде көмек көрсетеді. Бұл орталыққа көбінесе қант диабеті сырқаты нақтыланып,  диспансерлік бақылауға қойылған науқастарды жібереді. Дәрігерлер орталықтан көмек сұрағандарға  сырқатты асқындырып мүгедектікке ұрынып қалмауы  үшін алдын алу шараларын жасауға үйретеді. Сондай-ақ  диабеттік сырқатқа облыста жылына 130 бала шалдығады. Сырқаттың белең алуына көп жағдайда адамдардың дұрыс тамақтанбауы мен семіздікке шалдығуы себеп болуда.

«Диабеттің асқынуы маңызды проблема болып қалуда. Облыстық клиникалық аурухананың хирургиялық инфекция бөлімшесінде 2024 жылы 975 пациент емделді, олардың 46%-ында (450 адам) қант диабеті асқынды. Гангрена себебінен аяқтың төменгі жағын ампутациялаудың 99 жағдайының 63%-ы диабеттік табан синдромымен байланысты», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Науқастар үшін тамақтану режимін сақтап диетаны ұмытпау маңызды дейді дәрігерлер. Қарағанды қаласында қант диабетіне шалдыққандарға көмектесу үшін бес емханадан арнайы кабинеттер ашылған.

«Диабетпен ауырып келе жатқаныма 20 жылдан асты. Маған тұқым қуалау арқылы берілген. Анам ауыратын еді. Осы сырқатпен өмір бойы арпалысып келемін. Өмір сүргің келеді, сол себепті дәрігерлердің айтқанын бұлжытпай орындау керек. Диета сақтамай өз-өзіне қарамаған адамдар мүгедек болып жатыр. Бастысы режимды сақтап өзіңді күткен абзал», — дейді қала тұрғыны Нескен Әлімбаева.

Сурет: Pexels.com

 

Автор

  • Арайлым Еркебаева

    филолог, журналист. Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ филология факультетінің түлегі. Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы "5 арна" телекомпаниясында журналист болып бастаған. "Жас Алаш" республикалық газетінде, Inbusiness.kz сайтында тілші болды. 2024 жылдан бастап sarapshy.info порталының тілшісі.

    Барлығын қарау
артық салмақ диета инсулинге тәуелді қант диабеті Қарағанды облысы Үшінші ақпарат хирургиялық инфекция
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
Біздің сараптама

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

09/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.