Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Көмірден алынған өнім отынның өзінен 25 есе құнды болады
Нұртай Текебаев жаңалық 05/08/2024

Көмірден алынған өнім отынның өзінен 25 есе құнды болады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан әлемдегі ең ірі көмір өндіруші елдердің бірі болып табылады. Елдегі электр энергиясының 70%-дан астамы көмір арқылы өндіріледі, ал кокс-химия өндірісі мен коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін бұл отын түрі стратегиялық маңызға ие.

Дегенмен экологиялық стандарттардың күшеюі, жасыл энергетикаға көшу талабы, логистикалық қиындықтар және әлемдік нарықтағы баға тұрақсыздығы көмір өнеркәсібінің дамуын тежеуде.

Энергетика министрлігі Қазақстанның энергетикалық балансындағы көмір үлесін қазіргі 70%-дан 35-40%-ға дейін азайтуды жоспарлап отыр. Жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру және жасыл экономикаға көшу көмірді біртіндеп нарықтан ығыстыруы мүмкін.

2023 жылы көмір өндірісі 113 млн тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1 млн тоннаға азайды. Ал биылғы жылдың алғашқы төрт айында өндіріс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 млн тоннаға қысқарды.

ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2023 жылы коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 9 млн тонна, энергетикалық кешендерге 65,9 млн  тонна, өнеркәсіптік кәсіпорындарға 5,9 млн тонна, экспортқа 31,9 млн  тонна көмір жөнелтілді.

Бастапқы энергияны жалпы тұтыну құрылымында көмір  көп үлесті алады – 49,6%. Одан кейін табиғи газ (26,7%), мұнай және мұнай өнімдері (21,7%) құрайды.

Дереккөз: ҰСБ

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі көмір саласын дамыту үшін бірнеше шараны ұсынады:

  • Таза технологияларды енгізу: Экологиялық таза көмір өндірісін дамыту үшін шетелдік серіктестерді тарту және жаңа технологияларды қолдану ұсынылады.
  • Көмір химиясын ілгерілету: Көмірді терең өңдеу арқылы қосылған құны жоғары өнімдер өндірісін ұлғайту.
  • Логистикалық инфрақұрылымды нығайту: Көмірді экспорттауға қолайлы жағдай жасау мақсатында шекара маңындағы елдермен ынтымақтастықты кеңейту.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Елекеевтің айтуынша, көмірді терең өңдеу арқылы 400-ден астам түрлі өнім алуға болады, олардың құны бастапқы көмірден 20-25 есе жоғары болуы мүмкін. Қазіргі кезде Қазақстандағы көмір химиясы өнімдерінің үлесі небәрі 3%-ды құрайды, бұл саладағы әлеуеттің толық іске аспағанын көрсетеді.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда көмір өнімдерінің үлесі 3% құрайды. Бұл көмір химиясы дамуының төмен деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Көмірдің бағасы газ бен мұнайға қарағанда төмен және тұрақты. Алдын ала есептеулер бойынша пайдаланылмаған әлеует $25 млрд құрайды», – дейді Е. Елекеев.

Көмірден алынған пайда өңдеу өнеркәсібін жандандырып, экономикалық тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Көмір өнеркәсібін әртараптандыру мен экологиялық стандарттарға сәйкес жаңғырту Қазақстанның тұрақты экономикалық өсіміне елеулі үлес қосары сөзсіз.

Сарапшылар Еуропа одағының құрамындағы мемлекеттердің көмірге деген сұранысы азаймайтынын айтады. Көмірді терең өңдеу арқылы газ, бензин, мотор майын өндіруге болады. Сондықтан Транскаспий халықаралық дәлізі және Балтық бағыты бойынша экспорт ағынын ашудың маңызы зор.

Нұртай ТЕКЕБАЙ

 

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды.
    2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.