Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Біздің сараптама»БҚО-да 186 ауылға таза су жетпеген
Нұрлыбек Рахманов Біздің сараптама 26/11/2021

БҚО-да 186 ауылға таза су жетпеген

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

 Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиев төрағалығымен өткен кеңес отырысында құрылыс басармасының басшысы Әлібек Антазиев хабарлады. Республика бойынша тұрғындарды ауыз сумен қамту көрсеткіші бойынша облыс 9-орында тұр. 2000 жылы облыс тұрғындарының 31%-ына ғана сапалы су берілсе, былтыр бұл көрсеткіш 88,4%-ға дейін өсті. Әлібек Антазиев Үкімет тапсырмасына сай 2025 жылы облысты таза сумен толық қамту жоспарланып отырғанын айтты.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев ауылдарға су құбырын тартуды жеделдетуді тапсырды. Ол үшін кешенді блок-модульдерді орнату керектігін айтты. Онлайн байланысқа шықан Қазталов ауданының әкімі Альберт Есалиев топтық су құбырын пайдалануды ұсынды. Ғали Есқалиев оған қыруар қаржы керектігін, су құбырының желісінен елді мекендер қашық болмаған жағдайда ғана осы нұсқа қолайлы болатынын ескертті. Құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің айтуынша, кешенді блок-модуль тұрғын саны 200-ге дейін ауылдарға орнатылады. Облыста дәл осындай 120 шағын ауыл бар. КБМ-ды күтіп ұстауға жыл сайын 1-2 млн теңгедей қаражат жұмсалады. Бір қондырғының орташа құны – 8-17 млн теңге. Әзірше, кешенді блок-модульдердің жұмыс істеуіне, жөнделуіне жауапты болатын қай мекеме болатыны туралы сұрақтың басы ашық күйінде тұр.

Жыл сайын Орал қаласында ауыз суға тапшылық ұлғаюда. Әсіресе, жаздыгүні қала тұрғындарының тәулігіне тұтынатын су көлемі 67 мың текше метрге жетеді. Қалыпты жағдайда 40 мың текше метр су пайдаланылады. Тұрғындар сұранысын Жайық өзені мен қала маңындағы жер асты су қоры қамтамасыз етуде. Соңғы жылдары Жайықтағы су деңгейі өте төмен түсіп кетті. Сондықтан қала әкімдігі тағы да жаңа ұңғымаларды іске қосу арқылы мәселенің түйінін шешпек. Дегенмен Зашаған кентінде көп қабатты үйлер саны көбейіп, облыс орталығына қоныс аударушылар саны жыл санап артып келеді. Оған қоса жаңа шағын ауданды тұрғызу бірнеше жылдан бері жоспарда тұр. Қала басшысының есептеуінше, тұрғындар санының көбеюіне байланысты  Тасқала топтық су құбырын тарту – осы мәселенің төте шешімі болмақ.

Айта кетейік, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторына қол жеткізу мақсатында биыл облыс бойынша 21 ауылдық елді мекенде жалпы сомасы 5,8 млрд теңгеге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 5,3 млрд теңгеге, жергілікті бюджеттен – 0,5 млрд теңгеге 20 сумен жабдықтау нысанын салу және қайта жаңарту жұмысы жүргізілуде.

sarapshy.info

 

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
су мәселесі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Қарыз тұзағына қалай түстік?

24/10/2025
Біздің сараптама

Шалғайдағы аурухана: ауылдағы «жедел жәрдемге» неге сенім жоқ?

30/09/2025
Біздің сараптама

Қазақ футболына бөлінген миллиардтар қайда кетті?

29/09/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.