Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Әлеуметтік-экономикалық зерттеу қорытындысы: Қазақстанның Батыс аймағындағы халық инфрақұрылым сапасына, тұрмыс жағдайына риза емес
Нұртай Текебаев Экономика 20/08/2024

Әлеуметтік-экономикалық зерттеу қорытындысы: Қазақстанның Батыс аймағындағы халық инфрақұрылым сапасына, тұрмыс жағдайына риза емес

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Экономикалық зерттеулер институты 2023 жылдың қорытындысы бойынша зерттеулер қорытындысын ұсынды. Зерттеу елдің 20 өңірі бойынша 112 елді мекен қамды. Яки 45 қала мен 67 ауылдан 4,2 респондент қатысты.  Өңірлік әл-ауқат индексі 25 сауалнама, 17 статистикалық – 42 көрсеткіш негізінде сараланды. Сауалнама қорытындысын Economy.kz басылымы жариялаған.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының әл-ауқаты қандай деңгейде екені туралы қызғылықты статистика ұсынылған. 2023 жыл қорытындысы бойынша тұрғындар арасында Экономикалық зерттеулер институты ұсынған сауалнама нәтижесін ұсынды.

Зерттеу нәтижесі бойынша Орал мен Ақсай қалалары және төрт ауылдағы жағдай сарапталған.

Былтыр облыста өзінің жұмысына көңілі толатын адамдардың үлесі 1,8, ал баспанасына риза тұрғындардың көрсеткіші 1,2 есе азайды. Дегенмен қаражат мәселесі мазалаған адамдардың жағдайы саны 1,2 есе көбейді.

Дейтұрғанмен өңірдегі адамдардың қаржылық әл-ауқат бағасы 5,90 балдан 6,40 балға дейін өсті деп бағалаған.

Жұмыс пен өмір арасында уақытты пайдалануда тепе-теңдік сақтау мәселесі бойынша респонденттердің 82,1%-ы өз уақытын пайдалану тәртібі көңілінен шығатынын айтты.

2023 жылғы зерттеу аудандарда сыбайлас жемқорлық фактісі айтарлықтай төмендегенін көрсетеді. Тұрмыстағы жемқорлық көрінісі туралы хабарлайтын тұрғындар саны 4,2 есе азайған.

Зерттеу нәтижесінде БҚО-да денсаулық сақтау саласында мәселе бар екені анықталды. Халықтың саулығы 1,6 есе нашарлаған. Ауруханалардың жеткілікті болу көрсеткіші бір жылда 31%-дан 38,2%-ға төмендеген. Бірақ батысқазақстандықтар медициналық көмек сапасын жақсы деп бағалайтын үлесі 49,1%-дан 60,1%-ға артты.

Ақтөбе облысы

Ақтөбеде медициналық көмек сапасына көңілі толмайтындардың саны өскен. Олардың үлесі 53,6%-дан 62,3%-ға көбейді. Ал ауруханалар саны жеткіліксіз деп есептейтіндердің саны 13%-ға артты. Халық саулығы қанағаттанарлық деңгейде деп бағалайтындардың саны 1,6 есе азайды.

Облыста өмір сүру жағдайы мәз емес екені байқалады. Тұрмыс сапасына қанағаттану 7,68-ден 5,10-ға дейін түсті. Әсіресе, ауыл-аймақтағы жағдай алаңдатады. Тұрғындардың болашаққа деген сенімі төмендеген. Өңірде қаржылық қиындықты еңсере алмағандар үлесі 48,9%-дан 56,3%-ға көбейді. Ауылдық жердегі қаржылық әл-ауқат алдыңғы жылмен салыстырғанда төрт есе нашарлап кеткен.

Әлеуметтік қатынас көрсеткіші де нашарлаған. Сауалнамаға жауап берген әр үшінші адам тума-туысымен қарым-қатынасты үзгенін көрсеткен. Ал жақындарымызбен тілдесіп тұрамыз дегендердің саны үш есе кеміген. 2022 жылы респонденттердің  90,1%-ы жақындарымыз көмектеседі десе, 2023 жылы олардың үлесі 48,2%-ға дейін құлдырады.

Ақтөбеліктер экологиялық ахуалға да оң қабақ білдіре қоймады. Қоршаған орта тазалығын көңілінен шықпайтындар қатары 1,5 есе артты. Өзінің жұмысын жоғары бағалайтындар саны 3 есе, баспанасына риза болғандардың саны төрт есе азайды.

 

Атырау облысы

Атырау облысында да екі қала мен төрт ауылдағы жағдай бағамдалған. Респонденттердің 52,4%-ы қалалық, 47,6%-ы ауылдағылар болды.

Облыс тұрғындары әлеуметтік инфрақұрылымдардың жеткілікті болу көрсеткішін оң бағалаған. Медициналық қызмет сапасын сауалнамаға қатысқандардың 62,6%-ы жақсы деп бағалаған. Дейтұрғанмен «денсаулығым жақсы» деп есептейтіндер саны 67,7%-дан 58,3%-ға азайды.

Халық білім беру институттар сапасына күмән келтіреді. Зерттеушілер билік осы саланы жақсартуға көңіл бөлу керек деп санайды.

Атырау – мұнайлы өлке. Осында ірі кәсіпорындар, зауыттар көп. Тұрғындар экологиялық жағдай жақсарды деп есептегенмен, ауаның жиі ластанатынын көрсеткен.

Облыста арнаулы орта және жоғары білімі бар тұрғындардың үлесі көбейді. Олардың 41,6%-ы ғана өз мамандығы бойынша еңбек етеді. Сауалнама қорытындысы мамандық бойынша жұмыс табу қиын екенін көрсеткен.

Өмір сүру жағдайына қанағаттанатындар үлесі азайды. «Өзін бақытты сезінем» деген көрсеткіші 7,21 балл деп есептелінді. Былтыр бұл көрсеткіш 8,13 деп бағаланған. Туысымен қарым-қатынас жасамаймын дейтіндер саны алты есе артты. Жақын-жуық көмегінен күдер үзгендер де көбейді.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында әртүрлі салада жұмысты ширату керектігі анық аңғарылады.

Өңірде әлеуметтік қатынастар күрделене түскен. Жақындарынан көмек аламыз дегендердің саны екі есе азайды. Туысқандарымен жиі араласатын адамдардың саны 1,7 есе кеміді.

Тұрғындар әлеуметтік нысандар жетіспейді деп санайды. Медицина сапасына да риза емес. Денсаулық саласындағы мекемелердің қызметіне көңілі толмайтындардың үлесі 86%-ға өскен.

Халық тұрмыстағы жемқорлық  фактісіне алаңдайды. Облыста жемқорлық  деңгейі 8,17 балға артқан. Маңғыстаулықтар қоршаған орта сапасы нашарлағанын алға тартқан. Респондеттердің 93%-ы ауаның, 80%-ы судың ластанғанын, 76,5%-ы шудың көбейгенін, 84,2%-ы қалдықтардың көбейгенін белгілеген.

Қорытынды:

Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында инфрақұрылым желілеріне сын көп екені аңғарылады. Көлік секторы, электр, жылу, су, кәріз желісінің істен шығуы тұрғындар наразылығын тудыруы мүмкін. БҚО-да, Маңғыстауда сыбайлас деңгейін төмендетуге күш жұмылдыру қажет. Ақтөбе өңірінде мемлекеттік құрылымдарға деген сенімді нығайту маңызды. Әлеуметтік, экологиялық мәселелер де қордаланған.

Нұртай ТЕКЕБАЙ

 

 

 

 

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды. 2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шолу

Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс бар?

27/11/2025
жаңалық

БҚО-да әйелдер құқығына қайшы қылмыс саны артты

25/11/2025
Шолу

БҚО экономикасының минусы мен плюсі

19/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.