Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Жыл басынан бері Қазақстанға 3 246 шетел азаматы жұмыс істеу үшін келген
Наргиза Ерес sarapshy.info 26/11/2024

Жыл басынан бері Қазақстанға 3 246 шетел азаматы жұмыс істеу үшін келген

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 246 шетел азаматы жұмыс істеп жатыр.

Еңбек нарығына тартылған шетелдік мамандар мына санаттар бойынша бөлінеді:

  • Басшылар мен олардың орынбасарлары (бірінші санат) – 543 адам;
  • Құрылымдық бөлімшелердің басшылары (екінші санат) – 2 514 адам;
  • Мамандар (үшінші санат) – 4 859 адам;
  • Білікті жұмысшылар (төртінші санат) – 917 адам;
  • Маусымдық жұмыстарға – 1 120 адам;
  • Корпоративтік ауыстыру аясында – 3 293 адам.

Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 789 жұмыс беруші бар. Бұл ұйымдарда 389,8 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, олар қызметкерлердің жалпы санының 96,8%-ы болады.

Шетелдік еңбек мигранттары ең көп тартылған салалар:

  • Құрылыс – 5 155 адам;
  • Өңдеу өнеркәсібі – 1 387 адам;
  • Әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 363 адам;
  • Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 359 адам;
  • Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 168 адам.

Еңбек мигранттары қайдан келеді?

Шетелдік жұмысшылардың негізгі бөлігі Қытай, Өзбекстан, Түркия және Үндістан елінен.

  • Қытай – 4 664 адам;
  • Өзбекстан – 1 230 адам;
  • Түркия – 1 150 адам;
  • Үндістан – 1 108 адам.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын шетел мамандарын тартуға квота белгілейді. 2024 жылы бұл квота жұмыс күшінің жалпы санына қатысты 0,23% немесе 17,2 мың бірлік болып белгіленді.

Инвесторды қолдау

«Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы» ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулысына өзгеріс енгізілмек. Осыған байланысты құжат «Ашық НҚА» порталында 2024 жылы 26 қарашада жарияланды.

Жаңа қаулы бойынша Қазақстанда 100% шетелдік инвестициямен жұмыс істейтін компаниялар өздерінің басшыларын немесе орынбасарларын жергілікті органдардан арнайы рұқсат алдырмай-ақ жұмысқа тарта алады. Бұл – шетелдік инвесторлар үшін жеңілдік жасауға бағытталған шешім.

Сурет:  inbusiness.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Еңбек мигранттары жұмыс күші құрылыс Қытай Өзбекстан Шетел азаматы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.