Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 20 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Доллар бағамы 500 теңгеге жетті: ұлттық валютаға қандай факторлар қысым жасап жатыр?
Ақбота Ахмет sarapshy.info 12/11/2024

Доллар бағамы 500 теңгеге жетті: ұлттық валютаға қандай факторлар қысым жасап жатыр?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2024 жылдың қазанында 488 теңгеге дейін немесе бірден 1,5%-ға күрт құнсызданған төл валюта үшін «қолайсыз» күндер әлі жалғасуда.

Қарашада бағам 492 теңгеден асып түсіп, бүгін – 12 қарашадағы Қазақстан қор биржасындағы саудада 495 теңгеге тұрақтады. Астана мен Алматының ақша айырбастау пунктері долларды 495-498-ден саудалап жатыр. Ал айлық есепте қазақ ақшасы АҚШ валютасына қатысты бірден 10, 57 теңгеге құнсызданған.

DXY индексі өсті, төл ақшамыз керісінше құнын жоғалтты

BCC Invest сарапшыларының хабарлауынша ұлттық валюта ішкі факторлардың ықпалынан емес, доллар индексінің нығаюы әсерінін қысымға ұшырады. Экономика тілінде мұны DXY деп атайды. Бұл көрсеткіш АҚШ долларының шетел валюталары қоржынына қатысты құнын көрсетеді. Көбінесе АҚШ сауда серіктестері валюталарының қоржыны деп аталады. Индекс Құрама шаттар доллары басқа валюталармен салыстырғанда нығая түскенде кезде көтеріледі.

«Ұттық валютаға доллар индексінің өсуі қысым жасап жатыр. Трамптың жеңісі туралы хабардан кейін DXY индексі жылдық максимум 105,45-ке жақындады. Бұған қоса, мұнай бағасы бір айда 10%-ға (қазірдің өзінде 71 доллардан аз) арзандады, себебі болжам бойынша Қытай тарапынан сұраныстың әлсіреуі де мүмкін», — деп хабарлады BCC Invest.

Теңгені құлдыратқан Трамп па?

Танымал экономист, «Комментарий» Телеграм арнасының авторы Эльдар Шамсутдинов теңгеге жаһандық саяси жағдай да әсер етіп отырғанын айтады. Оның пайымынша, АҚШ-тағы сайлаудан кейін доллар индексінің көтерілуі дамушы елдердің валюталарына қысымды күшейтеді.

«Қазақстан мұнай бағасына күннен-күнге тәуелді болып барады және мұнай нарығындағы кез келген ауытқулар экономика үшін елеулі тәуекелдер тудырады», — деген тоқтамға келді маман.

Айта кететіні, әлемдік нарықта АҚШ тағы сайлаудан кейін жағымды да, жағымсыз өзгерістер басталды. Америка қор нарығы мен доллар үшін мұның бәрі қолдау болса, дамушы елдер мен Азия-Тынық мұхиты, Қытай нарығы үшін оңай болмай тұр.

Бұл ретте нарықтағы құбылыстарды ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова түсіндіруге тырысты. Оның айтуынша, доллар негізгі әлемдік валюталардан басым бола түскен.

«Жаһандық нарыққа АҚШ-тағы сайлау нәтижесі айтарлықтай ықпал етті. Дональд Трамптың сайлаудағы жеңісі АҚШ долларын күшейтіп, дамушы елдердің валюталары, соның ішінде теңге де әлсіреді. Негізгі әлемдік валюталарға шаққандағы доллар бағамын көрсететін DXY индексі қыркүйек айының соңында 100,8 тармақта төмен мәнге жеткеннен кейін 5%-ға дейін нығайып, 105,5 тармаққа дейін өсті. ЕМ валюталарының индексі қыркүйек айының соңынан 4,2%-ға төмендеді», — деп түсіндірді мұны ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.

Бұл ретте бас банк өкілі биржада спекулятивтік сипаттағы мәмілелер санының артқанын да атап өтті. Ол өз кезегінде бағамды құбылтуда

«Соңғы күндердегі теңгенің құбылуына – тек қана фундаменталды факторлар ықпал етпей отырғанын айтуға мәжбүрміз. Осыған байланысты Ұлттық Банк ұлттық валютаның құбылуын – шамадан тыс деп бағалайды», — деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Теңге 487,1-ге дейін нығаюы мүмкін

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы төл ақшаға базалық мөлшерлеме, мұнай бағасының төмендеуі, импорттың артуы қысым жасады деп хабарлады.

«Сондықтан бір жылда доллар бағамы 507,1 теңгеге (қазіргіден +3,1%) дейін өсуі мүмкін. Алайда келесі айда тоқсандық салық кезеңі және Ұлттық қордан шетел валютасын сату көлемінің ұлғаюы аясында доллар құны 487,1 теңгеге (қазіргі уақытта 491,8) дейін нығаюы мүмкін», – деп жазды қаржыгерлер қауымдастығы.

Сурет: Vlast.kz

Автор

  • Ақбота Ахмет

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетін «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша бітірген. «Хабар», Caspionet, «Білім және Мәдениет» телеарналарында редактор- сценарист, Atameken Business медиа холдингіне қарасты inbusiness.kz сайтында тілші болған.

    Барлығын қарау
BCC Invest АҚШ сайлауы Доллар бағамы ҚР Ұлттық банк Трамп
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
Шолу

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелердің қозғалысын толық шектеді

04/03/2026
Біздің сараптама

Қандастарға көші-қон саясаты қаншалықты тиімді?

28/02/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.