Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанның мемлекеттік қарызы 9 айда 4,6 трлн теңгеге жетті
Наргиза Ерес sarapshy.info 06/11/2024

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 9 айда 4,6 трлн теңгеге жетті

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бұл туралы TENGENOMIKA сараптамалық телеграм арнасы хабарлады.

Қазақстан Қаржы министрлігінің дерегі бойынша, 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ведомствода мемлекеттік қарыздың нақты көлемі 4,6 трлн теңге болған. Бұл 2023 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға артық. Сонымен қатар, қыркүйек айында ішкі борыштың 203 миллиард теңгесі 13,32% ортадан жоғары ставкамен тартылды, ал тамызда бұл көрсеткіш 13,32% болған.

Биылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы республикалық бюджеттің деректері бойынша қарыздарды өтеуге жалпы 4,12 трлн теңге жұмсалған, бұл өткен жылға қарағанда 13,3%-ға және 2022 жылға қарағанда 69%-ға артық.

Қыркүйек айында Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына сұраныс дәстүрлі түрде нақты орналастыру көлемінен әлдеқайда асып түсті. Атап айтқанда, 567 миллиард теңгеге сұраныс болғанда, орналастыру 203 миллиард теңгеге немесе 2,8 есе аз болды.

Егер 2019 жылы пандемияға дейін мемлекеттік қарызға қызмет көрсету және өтеу шығындарының үлесі барлық шығыстардың тек 15%-ын құраса, ағымдағы жылдың өзінде бұл көрсеткіш барлық шығыстың 25%-ына немесе төрттен біріне дейін өскен. Бюджет қаражатын жұмсаудың ағымдағы құрылымын ескере отырып, онда шығындардың үлесі 90% деңгейінде, ал кірістер шикізат секторына және Ұлттық қордан берілетін трансферттерге қатты тәуелді, орта мерзімді перспективада бюджеттің борыштық жүктемесін (левереджін) ұлғайту бойынша тәуекелдер де жоғары болады.

Жалпы дүниежүзі бойынша барлық елге тиесілі мемлекеттік қарыз 2024 жылы 100 триллион доллардан асқан. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша ол әлемдік ЖІӨ-нің 93 %-ына жетсе, 2030 жылға қарай 100%-ға жақындайды.

Қытайдың мемлекеттік қарызы 2024 жылы ЖІӨ-нің 90,1%, ал 2029 жылы 111,1%-ға жетеді. АҚШ-та сәйкесінше 121% және 131,7% болады деп күтілуде. Қор Ресейдің мемлекеттік қарызын 2024 жылы ЖІӨ-нің 19,9%-на, ал 2029 жылы 25,1%-на дейін тең болады деп болжайды. Сарапшылар болашақтағы қарыз деңгейі қазіргі болжамнан жоғары болуы мүмкін дейді.

Сурет: kursiv.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
2024 Қазақстан Қаржы министрлігі ҚР Мемлекеттік қарыз
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
Шолу

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелердің қозғалысын толық шектеді

04/03/2026
Біздің сараптама

Қандастарға көші-қон саясаты қаншалықты тиімді?

28/02/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.