Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Қаржы»15 жылда Қазақстанның банк секторында қандай өзгерістер болды?
Гүлмира Сарсенғали Қаржы 26/09/2025

15 жылда Қазақстанның банк секторында қандай өзгерістер болды?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазір Қазақстанда екінші деңгейдегі 23 банк жұмыс істейді. Банктерге қатысты статистика әзірге толық емес, себебі секторға екі жаңа банк енді. Осы жылы шілде айының басында Қазақстанның банк секторында 22 банк жұмыс істеп тұрды (олардың 14-і шетелдің қатысумен), оның ішінде екінші деңгейдегі 10 еншілес банк пен 100% мемлекет меншігіндегі бір банк бар. Бұл туралы Ranking.kz жазды.

Биыл жаңадан құрылған екі банктен бөлек, секторда бірқатар өзгерістер болмақ. Бұл – тағы бір жаңа («ескі») қатысушының келуі, дәлірек айтқанда, ірі микроқаржы ұйымының екінші деңгейдегі банкке айналуы, сондай-ақ ForteBank пен Home Credit Bank-тің бірігуі.

Соңғы он жылда банк секторы қалай өзгерді? Әрі қай бағытта дамып жатыр?

Соңғы он жылда Қазақстанның банк секторы нарықтағы қатысушылардың бірігуі мен қайта құрылуы нәтижесінде айтарлықтай өзгерді. Мұндай өзгерістер – қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыруға және экономикалық белгісіздік жағдайында тәуекелдерді азайтуға бағытталған жалпы стратегияның бір бөлігі.

Егер он жыл бұрын елімізде 36 банк жұмыс істесе (ал он бес жыл бұрын 39 ЕДБ), 2025 жылдың басында олардың саны шамамен екі есе азайып, 21-ге дейін жетті.

Ірі ойыншыларды біріктіру үрдісі әлі де жалғаcып жатыр. Мәселен, бүгінгі таңда Қазақстандағы үздік 5 ЕДБ сектор бойынша барлық активтердің 68,6%-ын құрайды. 2022-2024 жылдары олардың ортақ үлесі 66%-66,9% аралығында болды, 2019-2021 жылдары шамамен 63%, ал 2015-2018 жылдары 60%-дан төмен болды. Бұған дейін атап өткеніміздей, бұрын елімізде банк көп болса да, олардың көбі нарықта мардымсыз үлеске ие болып, тәуекелдері жоғары ойыншылар болып саналды.

Айта кетерлігі, тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда жүздеген банк жұмыс істеді. Бірақ олардың көбісі республика болған алғашқы жылдары жай ғана жойылып кетті. Жалпы алғанда, елімізде 145 ЕДБ таратылды, оның тоғызы әлі де таратылу үстінде. Бұдан бөлек, банктердің бірқатары бірікті.

Демек, 2010 жылдан бері нарықтағы банктер саны мынадай себептерге байланысты біртіндеп азайып келеді:

  • бірігу және жұтылу;
  • осал ойыншылардың ерікті түрде шығуы;
  • әлсіз банктердің лицензиясын қайтарып алу.

Соңғы он жылда Қазақстанның банк секторы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады, оған себеп – банктердің бірігуі және қосылуы (M&A). Мұндай мәмілелер банктердің санын азайтып қана қоймай, қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыруға да ықпал етті.

Соңғы жылдары елде бірнеше маңызды бірігу болды, оның ішінде:

  • 2014-2015 жылдары Қазкоммерцбанк (Qazkom) пен БТА Банкі бірікті. Ал кейіннен 2018 жылы біріктірілген банк Халық Банкке қосылды.
  • 2015 жылы үш ЕДБ бірікті (Альянс Банк, Темiрбанк және ForteBank). Нәтижесінде ForteBank құрылды, ол қазір еліміздегі ірі қаржы институттарының қатарына енеді.
  • 2019 жылы Цеснабанк (First Heartland Jýsan Bank) пен First Heartland Bank бірікті. 2021 жылы біріктірілген банк АТФ Банкке қосылды. Қазіргі уақытта бұл ЕДБ – еліміздегі ірі банктердің бірі, Alatau City Bank атауымен жұмыс істейді.
  • 2022-2023 жылдары Ресейдің Украинаға қарсы соғысы салдарынан ресейлік бизнестің Қазақстанның банк секторынан шығуына байланысты Альфа-Банк (Eco Center Bank) пен Банк ЦентрКредит бірікті.

Биылғы жылдың маңызды жаңалығына тоқталсақ, «ForteBank» АҚ өзінің «Home Credit Bank» АҚ акцияларының 100%-ын сатып алатынын жариялады. Айта кетерлігі, халықаралық рейтингтік агенттіктер бұл жағдайға жедел пікір білдіріп, оң баға берді. Нәтижесінде қаржы секторында ірі қатысушы пайда болады. Ол әртараптандырылған құрылымға, үздік қаржылық көрсеткіштерге ие болады әрі нарықтағы позициясын сақтап қалады.

Ranking.kz дерегінше, мұндай қадамдар нарықтағы негізгі бағытты айқындайды. Алдағы уақытта тек ірі, капиталданған және технологиялық жағынан тұрақты банктер қалып, олар ел ішінде де, халықаралық деңгейде де бәсекеге қабілетті болады.

Консолидация банктік жүйенің тұрақтылығын әртүрлі бағыттарда нығайтады.

  • Біріншіден, ұлғайтылған банктерде капиталдық база сенімдірек болғандықтан, олар сыртқы соққыларға – мұнай бағасының әлемдік құбылмалылығы, санкциялық тәуекелдер немесе валюта ауытқуларына оңайрақ төтеп бере алады.
  • Екіншіден, ойыншылар санының азаюы жүйені қадағалау тұрғысынан айқын әрі басқаруға қолайлы етеді. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) үшін тәуекелдерді бақылау жеңілдейді, ал қадағалау нақтырақ әрі тиімдірек жүзеге асады.
  • Үшіншіден, ірі банктер цифрлық инфрақұрылымға ауқымды инвестиция жасауға қабілетті, бұл банктік қызметтердің сапасын арттырып, оларды халық пен бизнес үшін қолжетімді етеді. Қаржылық технологиялар нарығындағы бәсекенің күшеюі бұл жағдайды одан әрі маңызды етеді.

Қаржы секторы саласындағы мемлекеттік саясат жүйені тұрақтандыру және біріктіру бағытын ұстанады. ҚР ҚНРДА-ның негізгі ұстанымы: нарықта тек тұрақты жұмыс істей алатын, нормативтерді сақтайтын, салымшылар мүддесін қорғайтын және дамуға инвестиция салуға қабілетті банктер қалуы тиіс.

Сондай-ақ Қазақстан соңғы жылдары халықаралық реттеу стандарттарын (соның ішінде Базель III элементтерін) белсенді енгізіп келеді. Бұл банктерден капитал мен өтімділік нормативтерін қатаң сақтауды және қызметтің ашықтығын арттыруды талап етеді.

Қазақстанның банк секторын біріктіру – бұл нарықтық өзгерістердің салдары ғана емес, саналы стратегиялық қадам. Мұның нәтижесінде экономиканы өсу мен дағдарыс кезінде тұрақты қолдай алатын, бәсекеге қабілетті және тиімді қаржы жүйесі қалыптасады. Осының арқасында Қазақстандағы банк секторы құрылымдық, жетілген және ұзақмерзімді дамуды көздейтін деңгейге жетті. Консолидация сандық өсуден сапалы өсуге көшуді қамтамасыз етті – қазіргі басымдық тұрақтылыққа, цифрландыруға және клиентке бағдарлануға қойылған.

Еске салсақ, осыған дейін тамыз айында Қазақстан банктеріндегі заңды тұлғалардың салымдары 18,4 трлн теңгеге жеткенін жазған едік. Бір жыл ішінде салымдардың көлемі 11,2%-ға артты. Жалпы соңғы бес жылда ҚР ЕДБ-дағы бизнес салымдары жыл сайын орта есеппен 14%-ға артып отыр.

Оған қоса, Қазақстандағы «Alatau City Bank» АҚ (Jusan Bank) қаржы есебіне байланысты дау-дамай өршіп келетінін жаздық. 2024 жылы Мәскеудің арбитраждық соты First Heartland Jusan Bank-ті ресейлік «Регион-Строй» компаниясының пайдасына 4,4 млрд рубль (шамамен 22 млрд теңге) көлеміндегі қаражатты өндіріп беруге міндеттейтін шешім шығарған. Алайда 2024 жылға арналған қаржы есебінде банк қарызының бар екенін көрсетпеген.

Сондай-ақ банк секторында рекордтық табыстар тіркелді. Банктердің ішінде 2024 жылы тоғыз айда ең көп таза пайда тапқан ТОП-5 банктің ішінде өсімнің басты бөлігін елдегі ірі банктер қамтамасыз етті. Оның ішінде Halyk Bank (600 млрд), Kaspi Bank (379 млрд), Банк ЦентрКредит (139 млрд), Jusan Bank (120 млрд), және ForteBank (113 млрд) теңге табыспен алдыңғы қатарда.

Фото: Pinterest

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 Банк жүйесінің дамуы БҚО Консолидация Қазақстанның банк секторы Қаржы жүйесі ҚР ҚР ҚНРДА Халықаралық реттеу стандарттары
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.