Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»«Бірнеше жерде жұмыс істеуге тыйым салу». Жаңа ереже қазақстандықтар үшін қаншалықы тиімді?
Дария Ғұмар жаңалық 20/09/2025

«Бірнеше жерде жұмыс істеуге тыйым салу». Жаңа ереже қазақстандықтар үшін қаншалықы тиімді?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Таяуда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәжіліс кулуарында қазақстандықтардың бірнеше жерде жұмыс істеуіне шектеу қойылатынын мәлімдеді.

«Еңбек кодексі бойынша азаматтар толық жұмыс шарты бойынша тек бір жұмыс орнында қызмет атқара алады. Екі немесе одан да көп жерде тіркелген адамдарды жұмысынан босатылуы тиіс», — деді вице-министр.

Анафиннің сөзі әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды. Көбі бұл нормаға наразы екенін айтты.

Министрлік не деді?

Одан кейін Еңбек министрлігі заңнаманы түсіндіру мақсатындан ақпарат жариялады.

«Заң тұрғысынан қазақстандықтар екі немесеодан да көп жерде жұмыс істей алады, бірақ олардың еңбек күні 12 сағаттан аспауға тиіс: негізгі қызметте – 8 сағаттан артық емес, ал қосымша жұмыста – 4 сағаттан көп емес», — делінген ведомство хабарламасында.

Бұл норма Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 71-бабымен реттеледі.

Кодекстің 32-бабының 4-тармағына сәйкесқосымша жұмысқа орналасу үшін қызметкер негізгі жұмыс орнынан анықтама ұсынуға тиіс. Құжатта бірінші жұмысының сипаты көрсетіледі.

Сонымен қатар, 92-баптың 5-тармағындакөрсетілгендей, қосымша жұмыс орнындағы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негізгі жұмыс орнындағы демалыспен бірге беріледі.

Ал 26-баптың 2-тармағының 5-тармағына сәйкес, 18 жасқа толмаған, ауыр әрі денсаулыққа зиянкелтіру қаупі бар жерлерде істейтін (медицина қызметкерлерін қоспағанда), сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге қосымша жұмыс істеуге тыйым салынады. Мемқызметшілер қосалқы табыс көзі ретінде тек ғылыми, педагогикалық немесе шығармашылық қызметпен шұғылдана алады.

Цифрлық бақылау жүйесі

Қазір еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз ету үшін Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі қолданылады. Бұл жүйе барлық еңбек шарттарын тіркеуге және еңбек тарихын онлайн бақылауға мүмкіндік береді, деп хабарлады министрлік.

Олжас Анафиннің айтуынша, комитет жұмыс берушілердің осы жүйеге деректер енгізуін тұрақты түрде қадағалап отырады. Бұған қоса, жүйені қолданбағаны үшін жұмыс берушілерге 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу қарастырылған.

Сарапшы пікірі

Заң ғылымдарының докторы, әлеуметтанушы Халида Әжіғұлова министрлік талабы қоғам үшін қаншалықты пайдалы екенін айтты.

Сарапшының айтуынша, қосымша жұмысқа орналасу үшін негізгі жұмыс орнынан анықтама алып, оны жаңа жұмыс берушіге ұсыну жұмысшының пайдасына емес, керісінше, оның мүмкіндіктерін шектейтін кемшілік болуы мүмкін. Бұл ереженің іс жүзінде қалай көрініс табатыны да сарапшы үшін күмәнін тудырады.

«Заң бойынша қызметкерді негізгі жұмыс орнынан анықтама әкелуге міндеттеу азаматтардың еңбек құқықтарына, соның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген еңбек ету бостандығына қайшы келеді.

Қазірдің өзінде жұмыс берушілердің арасында қызметкерлерін бекітілген уақыттан артық жұмыс істеуге мәжбүрлейтіндер көп. Олар қызметкерлерінің қосалқы жерде жұмыс істегеніне тіптен қарсы. Бірақ жалақысын көтеруге қауқарлы емес.

Бірақ инфляция деңгейі артып келе жатқан елде азаматтар өздерін не отбасын асырау үшін екі-үш жерде қатар жұмыс істеуге мәжбүр. Балаларғакететін шығындар немесе несие жүктемесі арта түскен кезде бұл жағдай қатты сезіледі

Меніңше, әрбір азамат қанша жерде қанша уақыт жұмыс істейтінін өзі шешуге құқылы», — деп пікір білдірді ол.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Әлеуметтік наразылық Екі және одан да көп жерде жұмыс істеу Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Еңбек кодексі Олжас Анафин Халида Әжіғұлова Цифрлық бақылау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.