Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қазақстан Конституциясына – 30 жыл. Ата заңға қанша рет өзгерту енгізілді?
Редакция жаңалық 30/08/2025

Қазақстан Конституциясына – 30 жыл. Ата заңға қанша рет өзгерту енгізілді?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толды. Елдің тұңғыш Конституциясы 1993 жылы Жоғарғы кеңесте қабылданды. Екі жылдан кейін 1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституцияны қабылдау үшін бүкілхалықтық референдум өтті. Қазір елдегі басты құжатта 9 бөлім, 98 бап бар.

Отыз жыл ішінде ата заңға түрлі себеппен алты рет түзету енгізілді. 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 жылдары Конституциядағы 55 бапқа 1 100-ден астам өзгеріс пен толықтыру жасалды.

Ең ауқымды өзгеріс 2022 жылы Конституция бойынша референдумнан кейін болды. Онда 33 бапқа 56 түзету енгізілді.

1998 жылы ата заңға алғаш рет өзгерістер енгізіліп, 19 бапқа түзету жасалды. Нәтижесінде Конституциядан президенттің жасы 65 жастан аспауы керек деген шектеу алынып тасталды. «35 жастан асқан адам Президент болып сайлана алады» деген сөйлем «40 жастан асқан» деп өзгертілді. Мемлекет басшысының өкілеттік мерзімі жеті жылға ұзарды. Сенаторлар алты жылға, ал Мәжіліс депутаттары бес жылға сайланатын болды. Сондай-ақ бұрынғы редакцияда мәжілістің 67 депутаттан тұратыны жазылса, жаңасында олардың саны 77-ге артты.

2007 жылы 30 түзету енгізілді. Парламенттің бірлескен отырысы Конституцияны небәрі 17 минутта өзгертті. Негізгі түзетулер Президент мәртебесіне қатысты болды. Бір адам қатарынан екі реттен артық Президент болып сайлана алмайды деген тармаққа «бұл шектеу ҚР тұңғыш Президентіне қолданылмайды» деген сөйлем қосылды. Мемлекет басшысының өкілеттігі жеті жылдан бес жылға қысқартылды. Сонымен қатар Қазақстан халқы ассамблеясы Сенат пен Мәжіліске өз өкілдерін ұсынуға мүмкіндік алды. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленді. Сондай-ақ Қазақстанның елордасы Астана қаласы деп түзетілді.

2011 жылы бар болғаны бір бап өзгертілді. Кезектен тыс Президент сайлауын тағайындау және өткізу ережелері өзгерді.

2017 жылы ата заңдағы 19 бапқа 26 өзгерту енгізілді. Бұл жылғы өзгерісте ең негізгісі – Президенттікке үміткер жоғары білімді болуы тиіс. Мемлекеттік қызметтегі немесе сайлау арқылы тағайындалған мемлекеттік лауазымдық қызметтегі еңбек өтілі бес жылдан кем болмауы қажет. Тағы бірі егер Мәжіліс қайта сайланатын болса, ел үкіметі жұмысын тоқтатады.

2019 жылы да Конституцияның бір ғана бабы өзгеріске ұшырады. Елорда аты Нұр-Сұлтан қаласы боп өзгертілді.

2022 жылы 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өтті. Ендігі жерде Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшті. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі болды. Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ.

Сондай-ақ қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алатын болды. Сонымен қатар өлім жазасына тыйым салынды. Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады. Сенаттағы президенттік квота қысқарады, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылды. Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді.

Осы жылы тұңғыш президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алынып тасталды. Жалпы құқықтық жағынан алғанда негізгі өзгерістердің бірі Конституциялық соттың құрылуы болды.

Фото: zakon.kz

Автор

  • Редакция

    Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған республикалық сараптамалық ақпарат агенттігі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.

    Барлығын қарау
Ата заң Елорда Конституция Конституциядағы өзгерістер Конституциялық сот Қазақстан конституциясы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.