Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Елде автогаз бағасы қымбаттады
Наргиза Ерес sarapshy.info 01/02/2025

Елде автогаз бағасы қымбаттады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін, 1 ақпанда ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің бұйрығымен сұйытылған мұнай газының бағасы қымбаттады.

Сұйытылған газ бағасы әр өңірде түрлі бағада бекітілген. Қазақпарат мәліметінше, аймақтарға байланысты сұйытылған газдың бөлшек саудадағы шекті бағасы 6-дан 21 теңгеге дейін өскен.

  • Астана – 102 теңге/литр (бұрын 82 теңге);
  • Алматы – 102 теңге (бұрын 89 теңге);
  • Шымкент – 90 теңге (бұрын 70 теңге);
  • Ақтөбе, Атырау облыстары – 77 теңге (бұрын 59 теңге), шалғай аудандарда – 82 теңге;
  • Ақмола облысы – 102 теңге (бұрын 84 теңге), шалғай аудандарда – 107 теңге;
  • Алматы облысы – 102 теңге (бұрын 89 теңге), шалғай аудандарда – 107 теңге;
  • Жамбыл облысы – 90 теңге (бұрын 78 теңге), шалғай аудандарда – 95 теңге;
  • Батыс Қазақстан облысы – 77 теңге (бұрын 70 теңге), шалғай аудандарда – 82 теңге;
  • Қызылорда облысы – 90 теңге (бұрын 70 теңге), шалғай аудандарда – 95 теңге;
  • Маңғыстау облысы – 65 теңге (бұрын 59 теңге), шалғай аудандарда – 70 теңге;
  • Павлодар облысы – 102 теңге (бұрын 81 теңге), шалғай аудандарда – 107 теңге;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 102 теңге (бұрын 89 теңге), шалғай аудандарда – 107 теңге;
  • Түркістан облысы – 90 теңге (бұрын 70 теңге), шалғай аудандарда – 95 теңге;
  • Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау және Абай облыстары – 102 теңге (бұрын 84 теңге), шалғай аудандарда – 107 теңге.

Газдың ең жоғарғы құны шалғай аудандар үшін 107 теңге, Алматы мен Астана қаласы және бірнеше облыста 102 теңгеге дейін жеткен. Маңғыстау облысында Қазақстан бойынша ең төменгі баға 65 теңге бекітілген.

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының (СМГ) бағасын көтеруге себеп оның өндіріс шығындарымен сәйкестендіру қажет дейді. Министрліктің мәліметінше, СМГ-ның өзіндік құны тоннасына 65–75 мың теңге аралығында, ал бұрынғы шекті көтерме баға 45 158 теңге болған. Бұл өндіруші кәсіпорындардың шығынға ұшырауына және жаңғырту мен жоспарлы жөндеу жұмыстарына қаражаттың жетіспеуіне әсер ететінін алға тартады. 

Еске сала кетейік, былтыр еліміздің бірнеше өңірінде газ тапшылығы байқалған еді. Атап айтқанда, Шымкент қаласы мен Түркістан облысында автогаз тапшылығы бірнеше рет тіркелді.

Одан бөлек, Ақтөбе облысында автогаз тапшылығы байқалып, кейбір бекеттерде газ болмады. Энергетика министрлігі бұл жағдайды өндіруші зауыттардың жоспарлы жөндеу жұмыстарына және тасымалдау мәселелеріне байланысты деп түсіндірді.

Орал қаласында автогаз құю стансаларында да осы мәселе қайталанады. Газ бар бекеттердің өзінде кезек өте үлкен болды.

Сондай-ақ бұған дейін ҚР Энергетика министрлігі жанар-жағармай (ЖЖМ) бағасының алғашқы көтерілуі шамамен 5 теңге болатынын айтқан еді. Алдағы уақытта бағаның өзгеруі нарықтық жағдайларға байланысты болады.

бастапқыда 5 теңгеге көтерілуін болжаған. Бұл туралы ведомство басшысы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстандағы бензин бағасы басқа көршілес елдерге қарағанда әлдеқайда төмен. 

 

Cурет: Pexels.com

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
автогаз Алмасадам Сәтқалиев бензин газ бағасы қымбаттады дизель жанар-жағармай ҚР Энергетика министрі Маңғыстау СМГ сұйытылған газ Түркістан Шымкент
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.