«7-20-25» бағдарламасы іске асыруға 1,043 трлн теңгеге 75 805 қарыз берілді – Ұлттық банк

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1,043 трлн теңгеге 75 805 қарыз берілді. Бұл жөнінде Ұлттық банктен хабарлады.

«7-20-25» бағдарламасы – Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған әлеуметтік бағдарлама. Операторы – «Қазақстанның тұрақтылық қоры» АҚ.

Бағдарламаның атауы оның негізгі талаптарын айқындайды. «7» – бұл ипотекалық кредит бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме. Ол түпкілікті және өзгермейді. Қарыз алушы ешқандай комиссиялық ақыларды төлемейді және қосымша шығындарды көтермейді. «20» – бұл пайыз түрінде көрсетілген бастапқы жарна. «25» – бұл ипотекалық кредиттің жылдармен көрсетілген ең ұзақ мерзімі. Кредит бастапқы тұрғын үйлерге (жаңадан салынған үйлерге) ғана беріледі.

Жеке тұлға «7-20-25» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін мынадай талаптарға сәйкес келуі керек:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы;
  • Расталған еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы;
  • Ипотекалық кредиттерінің болмауы;
  • Бұған дейін «7-20-25» бағдарламасына қатыспауы («7-20-25» ипотекасын бір реттен артық алуға тиым салынған)

«7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана алуға ниетті азаматтар Банк РБК, Еуразиялық банк, Fortebank, Халық Банкі, Центр Кредит банкі, Altyn Bank, Береке банк, Фридом Финанс Қазақстан банкіне жүгіне алады. Аталған банктердің барлығы осы бағдарлама аясында ипотекалық кредит береді.

Қоса кетсек, тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспана беру мерзімі 2029 жылға дейін созылды.

Сурет: freepik.com

Әлеуметтік желілер арқылы бөлісуді ұмытпаңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған