591 мың азаматтық қызметшінің жалақысы өсті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтің айтуынша, есепті жылы мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындау қамтамасыз етілді. Әлеуметтік төлемдерге 3,7 трлн теңге бағытталды, бұл республикалық бюджет шығыстарының 24%-ын құрады.

Жыл сайынғы индекстеу аясында 4 млн қазақстандық үшін зейнетақы мен жәрдемақының өсуі қамтамасыз етілді. Азаматтық қызметшілердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. Орта есеппен жалақының өсуі білім беру жүйесінде 19%, денсаулық сақтау саласында – 20-30%, әлеуметтік салада – 45%-ды құрады.

Аталған министрліктің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша бұдан басқа жұмыс істейтін қазақстандықтар сақтандыру тәуекелдері басталған кезде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер алды. 2021 жылы төлемдер көлемі шамамен 1,1 млн адам үшін 340 млрд теңгені құрады. Былтыр мемлекет басшысының тапсырма аясында 2022 жыл басынан бері 591 мың азаматтық қызметшінің (мәдениет, мұрағат ісі ұйымдарының қызметкерлері, оның ішінде техникалық персонал және т. б.) жалақысы өсті. Өсім 2025 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 20%-ды құрайды. Сондай-ақ, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл өсім 1 млн 650 мың жалдамалы қызметкердің табысына оң әсерін тигізеді.

Sarapshy.info

 

Әлеуметтік желілер арқылы бөлісуді ұмытпаңыз

Добавить комментарий