Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған жаңа салық кодексіне сәйкес, 2026 жылдан бастап Қазақстандағы банктер табыс салығын дифференциалды мөлшерлемемен төлейтін болады. Мөлшерлеме табыс көзіне қарай 0%-дан 25%-ға дейін өзгереді.
Банктер тұтынушылық несиелер, автонесиелер, ипотека мен бөлшек несиелер бойынша алынған табыстан 25% мөлшерлемемен корпоративті табыс салығын төлейді.
Бірақ мына бағыттар бойынша салық түсімі төмендейді:
- 20% – нақты сектордағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуден түскен табыстан;
- 10% – мемлекеттік бағалы қағаздардан түсетін табыстан;
- 0% – «Бәйтерек» холдингінің облигацияларынан түсетін табыстан алынады.
Бұл өзгерістер банктерді нақты экономикалық секторды белсендірек қаржыландыруға ынталандыруды және бюджет кірісін арттыруды көздейді. Үкіметтің дерегінше, соңғы үш жылда банктер 6,3 трлн теңге таза табыс тапқан. Жаңа тәртіп банктердің «суперпрофитін» әділ бөлу қажеттілігінен туындады.
Экономист Алмас Чукин КТС-ның 25%-ға дейін көтерілуі бюджет өсіміне бюджетке айтарлықтай пайда әкелмейтінін, есесіне банктер мен салық органдары арасындағы арасында даулы жағдайларды жиілетуі мүмкін екенін айтты.
фото: freepik.com

