2001 жылдың 11 қыркүйегі — ХХІ ғасыр тарихындағы ең қасіретті күндердің бірі. Бұл күні Усама бен Ладен басқаратын «Әл-Қаида» ұйымы АҚШ-тың шығыс жағалауында төрт жолаушылар ұшағын басып алып, оларды бейбіт тұрғындаррға қарсы қару ретінде пайдаланды.
Нью-Йорк пен Вашингтонға бағытталған бұл шабуыл мыңдаған адамның өмірін қиды.
Оқиға реті
Таңғы сағат 08:46-да American Airlines компаниясының 11-рейсі Дүниежүзілік сауда орталығының солтүстік мұнарасына соғылды. Бар-жоғы 17 минут өткен соң United Airlines-тің 175-рейсі оңтүстік мұнараға бағытталды. Екі зәулім ғимараттың өрттен кейін бірінен соң бірі құлаған сәтін бүкіл әлем телеэкраннан тікелей көрді.

Үшінші ұшақ – American Airlines 77 рейсі – Пентагон ғимаратына соғылды. Төртінші ұшақ – United Airlines 93 рейсі – террористердің жоспарындағы нысанаға жетпей, Пенсильванияда құлады. Бұл рейстегі жолаушылар лаңкестерге қарсы шығып, үлкен апаттың алдын алды.
Шабуыл салдарынан жалпы 2977 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың Дүниежүзілік сауда орталығы мен Пентагонда болған азаматтар, арасында ұшақ жолаушылары, сондай-ақ құтқару операциясына қатысқан өрт сөндірушілер мен полицейлер бар.
Құлаған мұнараларда мыңдаған адам қалып қойды. Кемінде 200 адам жанып жатқан ғимараттың жоғарғы қабаттарынан секіріп құтылмақ болды.
Кейбіреулер болса тағдырдың тосын сыйымен аман қалды: бірі баласын алғаш рет балабақшаға апарғандықтан жұмысқа кешіккен, екіншісі тоқаш алуға кеткен, тағы бірі таңертеңгі кептелісте бөгелген.
Оқиғадан кейін АҚШ-тың сол кездегі президенті Джордж Буш «терроризмге қарсы жаһандық соғыс» жариялады. Соның нәтижесінде Ауғанстан мен Иракта соғыс басталды. Апаттан кейін бүкіл әлем әуежайлардағы қауіпсіздік жүйесін қайта қарауға мәжбүр болды.
Алғашқы кезекте құжат тексеру тәртібі күшейтілді. Қазір әуежайдың ұшу аймағына тек билеті бар жолаушылар ғана кіре алады. Құжаттардың түпнұсқалығын тексеретін арнайы технология енгізілді. Сондай-ақ тіркелген багаж толығымен сканерден өткізіле бастады. Бұған дейін, әсіресе ел ішіндегі рейстерде, мұндай шара қолданылмаған еді.
Америка қалай жауап берді?
Апат болған мезетте президент Джордж Буш Флорида штатының бір мектебіне ашық сабақ қонағы ретінде барған. Бұл фотода көмекшісі Бушқа Нью-Йорктағы жағдайды хабарлап жатыр.

Оқиғадан кейін АҚШ-тың сол кездегі президенті Джордж Буш «терроризмге қарсы жаһандық соғыс» жариялады. Соның нәтижесінде Ауғанстан мен Иракта соғыс басталды.
Апаттан кейін бүкіл әлем әуежайлардағы қауіпсіздік жүйесін қайта қарауға мәжбүр болды.
Алғашқы кезекте құжат тексеру тәртібі күшейтілді. Қазір әуежайдың ұшу аймағына тек билеті бар жолаушылар ғана кіре алады. Құжаттардың түпнұсқалығын тексеретін арнайы технология енгізілді. Сондай-ақ тіркелген багаж толығымен сканерден өткізіле бастады. Бұған дейін, әсіресе ел ішіндегі рейстерде, мұндай шара қолданылмаған еді.
Қылмыскерлер ұсталды ма?
Терактіні ұйымдастырушы ретінде танылған Халид Шейх Мохаммед 2003 жылы Пәкістанда ұсталып, кейін Гуантанамо әскери лагерінде қамауда отырды. Онымен бірге Валид Мухаммед Салих Мубарак бин Атташ және Мустафа Ахмед Адам әл-Хавсави да осы жерде жылдар бойы қамауда болды. 2008 жылы оларға ресми айып тағылды, соның ішінде басты бап — 2001 жылғы 11 қыркүйекте 2796 адамның өмірін қиған шабуылды ұйымдастыру.
2025 жылыолардың АҚШ әскери прокурорларымен мәмілеге келгені хабарланды. Келісім нәтижесінде айыпталушылар өлім жазасынан құтылып, ал америкалық сот жүйесі ұзаққа созылатын әрі күрделі процесстен аман қалмақ.
Естелік пен тағзым
Қазір Нью-Йоркте 11 қыркүйек құрбандарына арналған ұлттық мемориал бар. Қара мәрмәрге қашалған есімдер мен мұнаралардың орнындағы алып су бұрқағы қаза тапқандарға деген мәңгілік естелікті білдіреді.
фото: Spencer Platt/Getty Images

